«Қызыл» аймаққа енген өңірлердің саны 10-ға жетті
Қызылорда және Маңғыстау облыстары «қызыл» аймаққа енді
Ведомствоаралық комиссия 21 сәуірдегі ахуал бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта он өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.
«Сары» аймақта Алматы, ШҚО, Жамбыл, Павлодар облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: СҚО, Қостанай, Түркістан облыстары.
Еске сала кетейік, 15 сәуірдегі Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалина қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, індеттің таралу тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтағы әуежай ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізу шектелетін болды. Мұндай шектеу теміржол вокзалдарында да қолданылады.