21.04.2021, 08:57
Жаңалықтар
Коронавирус пневмониясы: тағы 3 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирустан 23 адам, КВИ пневмониясынан 3 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды. Оның ішінде 23 адам коронавирустан, 3 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Өлім жағдайы Алматы (5), Нұр-Сұлтан (4), Шымкент (1), Ақтөбе облысы (4), Алматы облысы (4), БҚО (1), Қарағанды облысы (1), Қостанай облысы (1), Қызылорда облысы (3), Павлодар облысында (2) тіркелді.
21 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 39 318 адам ем қабылдап жатыр, оның 13 756-сы стационарда, ал 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 671 адамның жағдайы ауыр;
- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды