ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қысқы қайырымдылық балында 380 млн. теңгеден астам қаржы жиналды

«Томирис» фильмінде ойнаған бас кейіпкердің алқасы аукционға шықты

«Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын Қысқы қайырымдылық балы биыл да сән- салтанатымен өтті. Одан түскен қаржы «Әр бала мектепте оқуға лайық», «Жол жүру гранты» жобаларына жұмсалады.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері 2011 жылы дарынды балаларға арналған қайырымдылық және білім беру жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы қайырымдылық қорын құрған. 7 жыл ішінде қайырымдылық акциялары арқылы 400 миллионнан астам теңге жиналды.

Түскен қаражатқа еліміздің барлық 17 аймағында инклюзивті білім берудің 43 кабинеті, инклюзия саласына бейімделген 420 арнайы жұмыс орны ашылды. 1300 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты өзгертуге байланысты арнайы курстан өтті. 8 оңалту мекемесі және ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектердің 10 мамандандырылған мекемесіне арнайы жабдықтар сатып алынды. «Нұр-Сұлтан» мен Бағанашыл ауылындағы екі балалар үйі күрделім жөндеуден өтті.

 «Болашақ» қоры ұйымдастырған сегізінші бал, түрлі музыкалық бағыттар, классикадан бастап бүгінгі заман өнерін үйлестіретін фьюжн стилінде өтті. Кеш қонақтарының алдында қазақстандық танымал опера әншілері Азат Мәлік пен Зарина Алтынбаева, «Жаңа толқын» халықаралық конкурсының финалисі Адам, «Дауыс» конкурсының қатысушысы Мархаба Саби өнер көрсетті. Биылғы балда бірнеше ай бойы тәжірибелі хореографтармен жаттыққан 40 жұп алғаш рет өз өнерін көрсетті.

Бірегей лоттар – өнер бұйымдары, сирек кездесетін заттар және спорт атрибутика аукционы – балдың елеулі оқиғасы болды. Биылғы жылы аукционда «Томирис» фильмінде ойнаған бас кейіпкердің мойынға таққан алқасы, XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың ортасындағы қолмен тоқылған құнды кілемдер, Арнольд Шварцнегрдің қолтаңбасы бар футболка мен кепка, америкалық танымал орындаушы Алиши Киздің қолтаңбасы бар ноталық кітап және тағы да басқа заттар ұсынылды. Сондай-ақ, кеште қонақтарға арналып құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді.