$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2019, 13:18
Жаңалықтар

Жаңа жәрдемақы алатындар АӘК-ден қағылуы мүмкін

АӘК алатын отбасыда жұмысқа қабілетті адам мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасы көмектен қағылады 

Жаңа жәрдемақы алатындар АӘК-ден қағылуы мүмкін

2020 жылдан бастап төрт және одан да көп балаға берілетін жәрдемақы отбасының кірісі болып саналады. Ол кіріс отбасын кедейлік шегінен шығарса, бұрын алып келе жатқан атаулы әлеуметтік көмек тоқтайды.

Бұл туралы бүгін мәжілістегі үкімет сағатынан соң, журналистердің сұрағына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Жаңа жәрдемақыға байланыты атаулы әлеуметтік көмек ала алмай қалуы мүмкін. Табысы төмен кісілер жаңа жәрдемақы алғанмен кедейшілік шегінен шығып кетпесе, ол кісілір атаулы әлеуметтік көмек алады. Ал қазір де  табысы болып, оның үстіне,  жаңа жылдан бастап, жәрдемақы алып, кедейлік шегінен шықса, АӘК тоқтайды», - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап кәмелетке  толмаған немесе университеттің күндізгі бөлімінде оқитын 23 жасқа толмаған:

 4 баласы бар отбасыларға табысына қарамай, ай сайын – 42 496,

5 баласы барларға – ай сайын 53 127,

6 баласы барларға 63 757 теңге,

7 және одан да көп баласы бар отбасыларға айына 74 388 теңге жәрдемақы төленбек.

Сонымен қатар, жаңа ережелерге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыда жұмысқа қабілетті адам мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, ол ғана емес, бүкіл отбасы атаулы әлеуметтік көмектен қағылады.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары