Бестамақта аштық жариялаған тұрғындарға көмек беру үшін медицина қызметкерлері келді
11 сәуірде Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды
Бестамақтағы медицина қызметінің мамандары аштық жариялаған шошқа фермасы жұмысшыларының жағдайын білу үшін үшінші рет «Париж коммунасы ХХІ» ЖШС-ға келді, деп хабарлайды Diapazon.
Мамандар аштық жариялаған жұмысшылардың жағдайын тексерді. Олардың кейбірі бас ауруы мен қан қысымының төмендеуіне қатысты шағымданған.
Еске сала кетейік, 11 сәуірде Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды. Жалпы, шошқа фермасында 400-ге жуық адам жұмыс істейді.
ЖШС әкімшілігі берген мәлімет бойынша, кешенде ресми түрде еңбек шартымен 152 адам істеген, қалғаны келісімшартсыз жұмыс істеген.
Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жұмысы тоқтатылған Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметкерлерінің толық тізімі жасалып, оларға мемлекет тарапынан қандай жұмыс ұсынылатынын айтты.