$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2021, 12:09
Қоғам

Әкімдік жұмысы тоқтаған шошқа фермасының 400-ге жуық қызметкеріне қандай жұмыс тауып бермек?

Фермада ресми түрде 152 адам жұмыс істеген

Әкімдік жұмысы тоқтаған шошқа фермасының 400-ге жуық қызметкеріне қандай жұмыс тауып бермек?
фото: diapazon.kz

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жұмысы тоқтатылған Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметкерлерінің толық тізімі жасалып, оларға мемлекет тарапынан қандай жұмыс ұсынылатынын айтты.  

Тіпті, жұмыссыз қалған азаматтарды жаңа мамандыққа үйретіп, арнайы оқытпақшы. Алға ауданында қазір бос тұрған 174 вакансия бар екен. Басқарма басшысы бос тұрған жұмыс орындарында жалақы көлемі 60 мың теңгені құрайтынын және бұл шошқа фермасындағы жалақыдан анағұрлым аз екенін мойындады.

Сондай-ақ басқарма басшылығы құрылысы жүріп жатқан Ақтөбе-Қандыағаш жолында да 80-120 мың теңге көлеміндегі жалақыға жұмыс табылатынын айтты. Тіпті, арнайы техника жүргізушілері 200 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін.

Бұлбұл Елеусінова фермада ресми түрде жұмыс істегендер жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы ала алатындығын атап өтті.

«ЖШС әкімшілігі берген мәлімет бойынша, кешенде ресми түрде еңбек шартымен 152 адам істеген, қалғаны келісімшартсыз жұмыс істеген», - деді басқарма басшысы.

Жалпы, шошқа фермасында 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Бұған дейін ферма мамандары 30-40 мың теңге айлыққа жұмыс ұсынғанын, ал фермадағы орташа жалақысы 100 мың теңге болғанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, 11 сәуірде Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары