ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Робототехникадан тегін онлайн курс іске қосылды⠀

Курс кез-келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен американдық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀

Оқыту «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн-мектебінде өтеді. ⠀

«Кішкентай кезімнен бастап мені құрастыру идеясы қызықтырды, сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында робототехника үйірмесіне жазылдым. Біздің жобаларымыз халықаралық аренада, Дүниежүзілік WRO роботтар олимпиадасында ұсынылады деп тіпті елестете алмадым. Жеңістер аз болған жоқ, енді мен робототехниканы оқығысы келетіндердің барлығына көмектесу үшін жаңа мақсат қойып отырмын», – дейді Даниил.⠀

Даниил Филимонов – World Robot Olympiad 2019 халықаралық кезеңінде «Open Senior» санатында үшінші орын, сондай-ақ робототехника бойынша республикалық олимпиаданың алтын медальдарының (2018, 2019), ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыстың бірінші дәрежелі дипломының (2019), «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» Наурыз кездесулерінің екінші дәрежелі дипломының (2019) иегері. ⠀Ол өз тобымен бірге робототехника бойынша 10-нан астам тегін онлайн курстарын, 25 сағаттық сабақтарды, 6 вебинарды әзірледі, сондай-ақ, Корнелл және Мичиган университеттерінің жүздеген қосымша материалдарын дайындады.⠀

Оқыту кез-келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған: робототехника негіздерінен бастап нейрондық желілерге дейін, практикада құралдармен жұмыс істеу үшін, тіпті оқытушыларға арналған материалдарды да қамтиды. Сондай-ақ, платформада прогресті бақылауға арналған үй тапсырмалары мен тесттер бар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде де қолжетімді.⠀

Курс негізін қалаушы Антон Моргунов, ол «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының қолдауымен құрылған. Beyond Curriculum – математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім беру платформасы.⠀      

«Beyond Robotics» бойынша оқуды бастау үшін онлайн-мектепте тіркелу жеткілікті https://school.bc-pf.org/ және сілтемеге өтіп, каталогтан Робототехника https://robotics.bc-pf.org/  курсын қосу қажет.⠀

Эльмира Мәмбетқызы