$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2021, 23:47
Жаңалықтар

Қарағанды фармкешенінде сәуір айында вакцинаның 1,5 млн дозасы шығарылады

«Спутник V» вакцинасының өндірісі мен жеткізілуі бекітілген кестеден ерте жүзеге асырылып келеді

Қарағанды фармкешенінде сәуір айында вакцинаның 1,5 млн дозасы шығарылады

Қарағанды фармацевтикалық кешені 600 мың доза көлемінде вакцинаның алғашқы ірі партиясын жеткізді. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін вакцинаның қосымша 900 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцина өндірісінің көлемі сәуір айында 1,5 миллион дозаны құрап отыр.

«Жалпы, ҚР аумағында «Спутник V» вакцинасына тіркеуді алған күннен бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені аталған вакцинаның 958 мың дозасын өндіріп жеткізді. Сондай-ақ, ресейде өндірілген «Спутник – V» вакцинасының 52 мың дозасын жеткізуді жүзеге асырды», - делінген ақпаратта.

ҚФК тарапынан «Спутник V» вакцинасының өндірісі мен жеткізілуі бекітілген кестеден ерте жүзеге асырылып келеді.

Бұдан басқа, ҚФК қызметкерлері препаратты әрі қарай алып жүру - фармакологиялық қадағалау, яғни ұнамсыз құбылыстарды мониторингілеу, пациенттердің өтініші мен шағымдарын жинау, талдауды жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары