Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады
Синоптиктер еліміздің алты өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14-15 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
14 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі.
14 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
14 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
14-16 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, найзағай болады. 14-16 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
«Жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарламада.