$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 01:28
Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қорында басқарушы директорлар ауысты

Кадрлық тағайындаулар туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады

«Самұрық-Қазына» қорында басқарушы директорлар ауысты
Фото: ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қордың даму стратегиясына және жаңа ұйымдық құрылымға сәйкес кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып Болат Ақшолақов тағайындалды.

Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директор Марат Әйтенов болды.

Бұрын экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директор қызметін атқарған Ернар Жанәділ инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

Ерлан Дүрмағамбетов стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

Бірлескен басқарушы директор болып Ернат Бердіғұлов тағайындалды.

Нәзира Нұрбаева экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.

Мұхтар Тәжіғалиев корпоративтік басқару және әлеуметтік еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор болды.

Серіктес жаңалықтары