$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2021, 00:34
Жаңалықтар

Алматы облысында 12 сәуірден бастап қосымша шектеулер енгізіледі

Қалааралық және ауданаралық автобустар қатынамайды

 

Алматы облысында 12 сәуірден бастап қосымша шектеулер енгізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Театр, кинотеатрлар мен басқа да мәдениет ошақтары сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Қалааралық және ауданаралық автобустар да қатынамайды. Түрлі деңгейдегі спорттық шаралар мен гимнастика, би үйірмелерін жүргізуге де тыйым салынады. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын азық-түліктен басқа тауар сататын дүкендер жұмыс істемейді. Бұл шектеулердің құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сататын сауда орындарына қатысы жоқ. Олар жұмыстарын жалғастыра береді.

Сондай-ақ туризм нысандарының келушілерді қабылдауы 80 проценттік межеден аспауға тиіс. Мешіттер мен шіркеулерде мінәжәт ету, ауызашар беру сияқты адам көп жиналатын шараларды өткізуге болмайды. Дегенмен тарауих пен жұма намазын 2 метрлік ара қашықтықты сақтай отырып, таза ауада оқуға рұқсат етіліп отыр. 

«Сауда-саттық орындары сағат 10-нан 17:00-ге дейін жұмысын жасайды. Сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрады. Қоғамдық тамақтану жерлері сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады және мынау туристік маршрутпен жүретін автобустар жұмысын тоқтатады. Сенбі, жексенбі күрдері SPA-орталықтар, сауналар жұмысын тоқтатады. Жұма, сенбі, жексенбі күндері казинолар жұмысын тоқтатады», - деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Серіктес жаңалықтары