Ақмола облысында жеке клиника басшысы қамауға алынды

Жақында облыстың бұрынғы бас дәрігері де жемқорлық күдігіне ілінді

Ақмола облысында жеке клиника басшысы қамауға алынды
фото: instagram.com/avicenna_kz

Бүгін Ақмола облыстық соты Көкшетаудағы «Авиценна» емдеу-профилактикалық мекемесінің директоры Жанар Молдантаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясовтың аппелияциялық шағымын қарады. Бұл туралы Kokshetau Asia порталы хабарлады.

Еске сала кетейік, Көкшетау қаласының тергеу сотының қаулысымен 2021 жылғы 1 сәуірде күдікті С.Ілиясовқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сүлен Ілиясов аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету күдігіне ілінді. Ол биыл ақпан айының басында өз еркімен жұмыстан кеткен.

Жеке клиника басшысы мен басқарманың бұрынғы басшынысың арасында байланыс бар ма? Бұл туралы әлі ресми ақпарат жоқ. Бірақ, Жанар Молдантаева Қазақстанға өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын жеткізумен айналысатын негізгі 10 компанияның бірі - «Медлайн» ЖШС құрылтайшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.