ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Геннадий Головкин үш баласымен түскен суретін жариялады

Кәсіпқой боксшы бүгін 39 жасқа толды

фото: twitter.com/GGGBoxing

Бүгін 39 жасқа толған орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Twitter желісінде балаларымен түскен суретін жариялады.

«Өзімді бақытты сезінемін. Ең маңыздысы қымбат адамдар жанымда», - деп кәсіпқой боксшы туған күніне орай жазба қалдырды.  

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Алина (әйелі - ред.) екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ, боксшы Instagram желісінде видео жариялап, «39 жас және ешқандай шекара жоқ» деп жазба қалдырды.

Айта кетейік, кәсіпқой карьерасында 43 жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 41-ін жеңіп, оның ішінде 36-сын мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы жылдары ол Ванес Мартиросян, Стив Роллс, ал кейінгі жекпе-жекте Камил Шереметаны жеңген.