$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 14:23
Жаңалықтар

Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Динара Шаймұратова экономика және қаржы саласына жауап береді

Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Динара Шаймұратова, фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып Динара Шаймұратова тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдап, 2017 жылы Қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының салық органдарындағы қызметтерден бастады. 2000–2004 жылдары Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді. Осыдан кейінгі 17 жыл ішінде Динара Шаймұратова ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, онда бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі мен ішкі қаржы әкімшілік департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

2018 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР Қаржы министрлігінің жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды.

6 сәуірде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалған еді. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауапты болмақ.

Серіктес жаңалықтары