$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2021, 11:52
Оқиғалар

Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді

Сүлен Ілиясов биыл ақпан айының басында өз еркімен жұмыстан кеткен

Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді
көрнекі сурет: depositphotos.com

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов бөтен мүлікті иемденді немесе жымқырды деп күдікке алынды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Көкшетау қаласының тергеу сотының қаулысымен 2021 жылғы 1 сәуірде күдікті С.Ілиясовқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген.

Бұл қаулыға шағым жасалып, қарау үшін Ақмола облыстық сотына келіп түсті. Апелляциялық алқа оны үш жұмыс күні ішінде қарамақ. 

Серіктес жаңалықтары