Атырауда интимдік массаж қызметін көрсеткен 4 әйел ұсталды
Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды
Атырауда учаскелік полиция инспекторлары интимдік массаж қызметін көрсеткен төрт әйелді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
5 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Сәтпаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінен уақытша тіркеусіз пәтерді жалға алып, интимдік массаж қызметін көрсеткен Тараз, Орал және Түркістан қалаларынан келген 26, 29, 31, 44 жастағы төрт әйелді анықтады.
«Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (Сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына ескерту берілді. Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 209 теңге көлемінде айыппұл салынып, саусақ іздері алынды», – деді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.
Сонымен қатар, жалдамалы пәтердің заңдылығын тексеру мақсатында, жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданады.