07.04.2021, 13:03
Оқиғалар
Атырау облысында мектептің шатырын жел ұшырып әкетті
Ауыл әкімі бұл уақытта ғимаратта мұғалімдер мен мектеп оқушылары болмағанын айтты
скриншот: видео
Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы орта мектептің шатырын жел ұшырып әкетті. Сүйіндік ауылының әкімі Қанат Құлшаров төтенше жағдайдың 7 сәуір сағат 17:30-да болғанын айтты.
Әкімнің айтуынша, мектеп шатыры құлаған уақытта ғимаратта мұғалімдер мен мектеп оқушылары болмаған. Алайда6 бейнежазбадан шатыр құлағаннан кейін бірнеше секундтан соң ауладан шыққан балаларды көруге болады.
«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, Сүйіндік ауылындағы мектеп 1984 жылы салынған. 2014 жылы «Бек и Ко» ЖШС бұл жерді 53,8 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізген.
Көп оқылған
17.06.2026, 09:00
«Бұл – мен жататын жер»: Алматыда түрмеден шыққан кәсіпкер бұрынғы әйелінің мәйітін қаздыру үшін немересімен соттасып жатыр
17.06.2026, 09:48
Маңғыстауда әйел адам ұятты жеріне бір пакет алтын жасырып, шекарадан өтпек болған
17.06.2026, 12:10
Қазақстан азаматы АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды