Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды
Республиканың бірқатар аумағында тұман түсіп, қатты жел соғады

Синоптиктер еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 7 сәуір күні түнде Атырау облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
7 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
7 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман болады.
7 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
7 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Петропавл қаласында тұман түседі.