Батыс Қазақстан облысында карантин талаптары күшейтілді

Облыстың бас санитары қаулыға өзгерістер енгізді

Батыс Қазақстан облысында карантин талаптары күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев аймақтағы карантиндік шаралар туралы қаулысына сәйкес өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа қаулыға сәйкес, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдарының (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысы сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеледі.

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарына жеке көліктерімен шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару, дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар «109» телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе http/www.STOPCOVID.KZ сайтына тіркелуі тиіс қажет.

Сондай-аұ, келесі нысандарға рұқсат берілді:

- контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

- Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

- жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуға;

- Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1-курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда қашықтық форматта оқытуға көшіріледі.

Ал сауда үйлері мен орталықтары (жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін толтырылуы 1 келушіге 4 ш.м. кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30%-нан артық емес) жұмыс істейді. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда. ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатады.

Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сату бойынша дүкендер жұмыс кестесі сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.  Азық-түлек дүкендері (минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра сататын дүкендер) сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс) аралықта жұмыс істейді.

Қаулы осы жылдың 9 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.