ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 595 мыңнан асты

Қазақстан арқылы декларацияланбаған тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

Автокөлік Ресейден Тәжікстанға бағыт алған

Түркістан облысының шекарасындағы «Қапланбек» кеден бекетінде тауарларды заңсыз алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұсталған шетелдік азамат Қазақстан арқылы компьютерлік заттарды тасымалдамақ болған екен.

«4 сәуірде МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде «Қапланбек» кеден бекетіндегі автокөліктен декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған. Автокөлік Ресейден Тәжікстанға бағыт алған. Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.