$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2021, 10:51
Жаңалықтар

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 15 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта 377 адам ауыр жағдайда жатыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 15 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 26 821 адам короновирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 377 адамның жағдайы ауыр;
• 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 70 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған, 192 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 50 765;  

өлім жағдайлары – 696;

барлығы 48 610 адам сауығып шықты.

 

Серіктес жаңалықтары