Алматыда оқушылар мен студенттер қалай оқиды – жаңа қаулы
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы коронавирус инфекциясының таралуын шектеу жөніндегі жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа қаулы COVID-19 мутацияланған штамдарына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлығы ескеріле отырып қабылданған.
Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының соңына дейін ТжКБ, ЖОО студенттері және жалпы бiлiм беретін мектеп оқушылары кашықтан оқыту форматына көшіріледі.
«Ата-аналардың өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда), 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9 және 11 (12) сыныптардағы кезекші сыныптарға және 15 адамға дейінгі сыныптарды жинақтаумен 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектептердің дәстүрлі форматта оқуына рұқсат етуді арнайы органдар қамтамасыз етеді», - делінген қаулыда.
Қаулыға сәйкес, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынды.
Сондай-ақ, «Бебек» ұлтттық ғылыми-практикалық білім беру жане сауықтыру орталығы» PMҚК қызметіне; арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім бepу қажет балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп интернаттарының кызметіне рұқсат берілді.
Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің, сауда үйлерінің, базарлар мен өзге де бизнес нысандарының жұмыс режимі туралы өзгерістерді мына жерден оқуға болады.
Жаңа қаулы 3 сәуірден бастап күшіне енеді.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда халықты жаппай вакцинациялау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.