$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 21:18
Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Республиканың бірнеше өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің сегіз облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары