$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 04:46
Жаңалықтар

Биыл Алматыда 9 кәсіпорын мен 4 өнеркәсіптік парк іске қосылады

Бүгінгі таңда Алматы индустриялық аймағына қатысушы компаниялар 99,6 млрд теңгенің өнімін өндірді

Биыл Алматыда 9 кәсіпорын мен 4 өнеркәсіптік парк іске қосылады
Фото: almaty_akimat

Алматы индустриялық аймағында 2021 жылы тоғыз кәсіпорын мен төрт өнеркәсіптік парк іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылы Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында жалпы инвестиция сомасы 40,5 млрд теңге, 823 жұмыс орнын құрумен 9 жобаны ("Рахат СК", "г. С. г. Высотник", "Қаз-Диа-Тест", "City Stone", "Әлем Тынысы", "Asia steel pipe corporation", "Электробар", "Valtherm", "Technokont") іске қосу жоспарлануда. Жаңа кәсіпорындарда автоклавты газобетон, медициналық мақсаттағы диагностикалық тесттер, табиғи тастан жасалған бұйымдар, салқындатқыш сұйықтықтар, үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар, электротехникалық бұйымдар, инженерлік сантехника және жылыту жабдықтары, орташа вольтті жиынтық тарату құрылғылары шығарылады. Қазіргі уақытта бөлінген жер телімдерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір қатысушы компаниялар ғимараттарды ішкі әрлеу, өнеркәсіптік жабдықтарды жеткізу және аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарға кірісті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2021 жылы Алматының индустриялық аймағында ШОБ субъектілері үшін 22 мың шаршы метр өндірістік жайларды пайдалануға бере отырып, 4 шағын өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарлануда. Онда 860 жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестицияның жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайды. Шағын өнеркәсіптік парктерге тау-кен өндіру, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп саласындағы шағын кәсіпорындар тартылатын болады.

Бұдан өзге, 2025 жылға дейін индустриялық аймақта жалпы инвестиция сомасы 81,1 млрд теңге болатын, 3 329 жұмыс орнын құрумен 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта инвесторлар жобаларды іске асыруға кірісті (рұқсат беру құжаттарын алады, құрылыс жобасын әзірлеуді жүргізеді).

Алматының индустриялық аймағы аумағының жалпы ауданы 490 га құрайды, оның ішінде пайдалы ауданы 326 га, инфрақұрылымға 164 га бөлінген. Бүгінгі таңда 14 жоба іске қосылды ("BRB APK", "Almapack", "DOC Co.LTD", "TOKYO ROPE ALMATY", "KMK Investment" - бірінші және екінші кезеңдер, "KazTigerTape", "ЭНКО", "ASSET", "Техновид", "МПЗ Бижан", "ДорХан-Алматы", "Алмерек", "Hyundai Trans Kazakhstan"). Олардың жалпы сомасы - 75 млрд теңге, екі мыңнан астам жұмыс орын құрылды. Бүгінгі таңда Алматы индустриялық аймағына қатысушы компаниялар 99,6 млрд теңгенің өнімін өндірді.

Серіктес жаңалықтары