ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына кіру ақылы болды

Жиналған қаржы қаумал аумағын күл-қоқыстан тазартып, шлагбаумдар қоюға жұмсалмақ

Бозжыра шатқалына бару үшін ақы төлеуіңіз керек. Бұдан былай «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалына кірген әр адам 291 теңгеге шығындалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай шешімге 1 наурызда облыс мәслихаты бекіткен хаттама негіз болған. Осылайша, жиылған ақша Қарақия ауданының бюджетіне, яғни арнайы ашылған есепшотқа түсіп тұрады. Бұл қаражат бірінші кезекте мемлекет қорғауындағы қаумал аумағын күл-қоқыстан тазалап, шлагбаумдар қоюға жұмсалады. Ескеретін бір жайт, кіру ақысы автокөлікке және экскурсия жетекшісінен сұралмайды.

«Қызылсай мемлекеттік табиғи паркінде 7 туристік маршрут орналасқан. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың 0,1 АЕК төлеуі тиіс туралы хаттама бекітілді. Яғни, 291 теңге. 31 наурызға дейінгі аралықта 98 мың теңге Қарақия ауданы кірістер басқармасына түсті. Бұл жерде 350-ден астам туристер. Алдағы уақытты біз осы соманы аумақтың дамуына, туризм саласының дамытуға жұмсалатын болады», - деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ қызметкері Наурыз Әнесов.