$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 21:21
Жаңалықтар

Жел соғып, тұман түседі: 7 облыста ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайтынын ескертті

 
Жел соғып, тұман түседі: 7 облыста ескерту жарияланды
Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда 2 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, жел күші 15-20 м/с жетеді.

2 сәуірде Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с жетеді.

2 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. 

2 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

2 сәуірде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.  

3-4 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 3-4 сәуірде көктайғақ болады. 2-4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, 3-4 сәуірде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары