$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 12:12
Жаңалықтар

Сенатор жеміс бақтарында бактериялды күйік ауруының өршігендігін айтты

Соңғы жылдары осы ауруды жұқтырған бақтардың аумағы 50 есе өсті

Сенатор жеміс бақтарында бактериялды күйік ауруының өршігендігін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары елімізде бактериялды күйік ауруын жұқтырған бақтардың аумағы 50 есе өсті. Мұндай мәлімдемені халық қалаулысы Сұлтан Дүйсенбинов Сенаттың кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сенатор Үкімет басшысынының орынбасарлары Ералы Тоғжанов пен Роман Склярға жолдаған сауалында қазақстандық бау-бақшаға, ұлттық мақтанышымыз болып табылатын «алматылық апортқа» ерекше қауіп төндіріп отырған бактериялық күйік қатері туралы дабыл қақты. Республика аумағында бактериялық күйік алғаш рет 2000 жылдардың басында тіркелген. Соңғы жылдары осы ауруды жұқтырған бақтардың аумағы 50 есе өсті. 

«Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес, бактериялық күйік инфекциясының ошақтарын анықтаған кезде 30 шақырым радиустағы ағаштар мен барлық өсімдіктерді тамырдан тазарту, өртеу бойынша карантиндік шараларды жүргізуге мәжбүр болады, ол өз ретінде миллиардтаған шығындармен қатар экологиялық зардаптарға әкеледі. Мәселен, 2017-2020 жылдары Алматы облысы аумағында бактериялды күйігімен залалданған бақтар көлемі жыл сайын 1 мың гектарға дейін алқапты құрап отыр, облыс бойынша 200 гектарға дейін бақты  залалданған ағаштарды түбірімен қопару жұмыстары жүргізілген», - деді Сұлтан Дүйсембинов.

Депутат бактериялық күйікке қатысты тиісті шаралар жүргізілмегеннің салдарынан еліміздің жеміс бақтары толықтай жойылып кетуі мүмкіндігін атап өтті. Сондықтан сенатор Білім және ғылым министрлігіне - жеміс дақылдарының бактериялық күйігіне қарсы ғылыми зерттеулерді және отандық биопрепараттарды кең ауқымды сынау бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне - биопрепараттарды сериялық өндіру бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсыру орынды деп санайды.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары