Сәтбаевтың әкімі қала арқылы жүк көлік жүргізбеймін деп ыңғайсыз жағдайға тап болды
Ол «ҚазАвтоЖол» компаниясына тиесілі жолға шектеу қойып қойған
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың өкімі прокуратураның назарын аударды: ол республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тас жолынан жүк көліктерін өткізбеу туралы өкімді заңсыз шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл өкімді тексере келе прокуратура бұл жолдың аумағы Сәтбаев қаласына қарамайтынын анықтаған.
«Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының прокуратурасының наразылығы бойынша қала әкімінің заңсыз өкімі күшін жойды. Атап айтқанда, қала әкімінің өкімімен Сәтбаев қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Алайда тексеру барысында аталғанавтожол учаскесі «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында екені анықталды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның мұндай шектеу енгізуге қақысы болмаған», - деп хабарлайды прокуратура.
Осылайша, жүк көліктері енді Жезқазған-Петропавл республикалық маңызы жол арқылы еркін қатынай алады.