$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 15:20
Жаңалықтар

Әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин дүниеден озды

Марқұм бұрын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы болған

Әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин дүниеден озды
фото: polisia.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы төрағасы, әділет генерал-майоры Бауыржан Маратұлы Бердалин 62 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабарды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.

«Ол еліміздің пенитенциарлық жүйесінің қалыптасуына және қылмыстық-атқару заңнамасын дамытуда орасан зор үлес қосқан. Өз міндетін адал орындап, жазаларды орындау саласында бар күшін, білімі мен тәжірибесін бөлісуден аянып қалмады. Бауржан Маратұлы өмірінің көп жылдарын Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасы ІІМ органдарындағы қызметке арнады», - делінген хабарламада.

Бауыржан Бердалин пенитенциарлық жүйедегі еңбек жолын 1985 жылдан бастап Қазақ КСР ІІМ еңбек-түзеу мекемесі бас басқармасының жедел бөлімінің аға жедел уәкілі болып бастады. Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерде болып, 2011 жыл мен 2016 жылдары аралығында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Екінші дәрежелі «Даңқ» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары