Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Елдің басым бөлігінде күн ашық болады. Кей өңірлерде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі

Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақтау қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +24…+26°C болады.

Ақтөбе қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Алматы қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Астана қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +26…+28°C.

Атырау қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.

Жезқазған қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.

Қарағанды қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C.

Көкшетау қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Қонаев қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +25…+27°C.

Қостанай қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.

Қызылорда қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Кей уақытта шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Петропавл қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Семей қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, түннің алғашқы жартысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +21…+23°C.

Талдықорған қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +25…+27°C.

Тараз қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C.

Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C.

Орал қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.

Өскемен қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Шымкент қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.