ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

«Зымыранның зардабы». Қызылордада онкологиялық ауру жасарып кеткен

Соңғы он жылда Қазақстан территориясында үш ракета апатқа ұшыраған

Фото: ашық дереккөзден

Гептил пайдаланатын зымыран тасығыштарды ұшыруға тыиым салу керек!  Өйткені Байқоңыр ғарыш айлағының адам денсаулығына зарбады орасан болып отыр. Бүгінде Қызылорда облысында онкологиялық және орталық жүйке жүйесі аурулары артуда. Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, бүгін Парламентте осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовтің айтуынша, зымыран тасығыштарды ұшыруға қажетті гептилдің адам денсаулығына зардабы орасан. Ал әуе кемесінің қалдықтары құлаған аймақтарды залалсызданыруды ресейлік емес, қазақстандық компанияның жүргізгені жөн деп есептейді. Сондай-ақ, ол «Байқоңыр» ғарыш айлағының адам денсаулығы мен табиғатқа келтіретін зиянын толық тексеруді талап етті.

«Ракета қалдықтары түсетін аумақ тұрғындарын жаппай жыл сайын скринингтік тексерістен өткізу керек. Сонымен қатар, зиянды қалдықтар түскен территорияның толық зерттеп, гептилдің келтірген әсерін нақты анықтауымыз шарт. Қазақстандық ғалымдардың осы мәселені зерттеу жұмыстарын да қаржыландыруымыз шарт», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов.

Дәрігерлердің айтуынша 2019 жылмен салыстырғанда былтыр онкологиялық аурудан көз жұмғандар саны 12,7 пайызға өскен. Сонымен қатар ауру жасарып барады.

«2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 6,5 пайызға артқан. Бір күнде 21 адам қабылдаймын. Қазір онколгиялық аурулар жасарған. Мысалы жатыр мойынының қатерлі ісігін алатын болсақ, қазір жас қыздар ауырып жатыр.  Анықтағанда олар көбіне асқынған сатысында келеді өкінішке орай. Соңғы он жылда Қазақстан территориясында үш ракета апатқа ұшыраған», - деді Қызылорда облыстық онкология орталығының дәрігері Алма Бапанова.