$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2021, 09:35
Жаңалықтар

Алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа 340 мыңнан астам оқушы барады

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова хабарлады

Алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа 340 мыңнан астам оқушы барады
көрнекі сурет

Алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова хабарлады.

Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.

Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.

Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.

Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс  құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.

Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.

Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке еш түсу емтиханысыз қабылдайды.

2021-2022 оқу жылында республика бойынша бірінші сынып оқушыларының болжамды контингенті 340 мыңнан асады деп күтілуде.            

Серіктес жаңалықтары