ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар синоптиктер астанада да ескерту жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 29 наурыз күні елордада көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда 29 наурызда жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер жауын мен қар жауады.

29-30 наурыз күндері Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда 29 наурызда түнде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

29 наурызда Павлодар облысыныі кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 мтер болады, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Павлодар қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

29 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда 29 наурыз күні түнде және таңертең тұман түседі.

 29 наурызда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

29 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.