ШұғылВакциналацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды

Қазақстанға 700 тоннадан астам шетелдік қызанақ кіргізілген жоқ

Жеткізілмек болған көкөністен қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы табылды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанға жеткізілмек болған көкөністен қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты қызанақ партиясын анықтады.

«Көкөністерден қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан, Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, есепті кезеңде Комитет экспорттаушы елдерге өнімнің фитосанитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмейтіні туралы 297 нотификация жіберді, оның 53-і – қызанақтан қоңыр әжім вирусының анықталғаны туралы хабарлама.