ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Мен отставкаға кетпеймін – Әділет министрі

Жақында еліміздің бірқатар адвокаттары мен заң кеңесшілері Марат Бекетаевты отставкаға жіберу туралы петицияға қол жинаған

Фото: ашық дереккөзден

Әділет министрі Марат Бекетаев заңгерлердің «ведомство басшысын отставкаға жіберу» жөніндегі петициясына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жуырда ғана еліміздің бірқатар адвокаттары, заң кеңесшілері және нотариустар Әділет министрін отставкаға жіберу туралы петицияға қол жинады. Өз кезегінде Марат Бекетаев аталған мәселеге қатысты пікірін білдірді.

«Мен петицияның мәтінімен танысып шықтым. Заң бойынша лауазымды тұлғалардың белгілі бір әрекеттеріне қатысты дау туғызатын өтініш сол лауазымды тұлғаларға тікелей бағытталмауы тиіс. Сондай-ақ, заң өтінішті қарау кезінде лауазымды тұлғаның оған әсер етуіне және көпшілік алдында талқылауға тыйым салады. Яғни әкімшілік процедураларға қатысты заң менің бұл мәселеге қатысты ойымды білдіруге тыйым салады. Мен әзірге отставкаға кетпеймін», - деді Марат Бекетаев.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан