Ауа райы: Қазақстанның 9 облысында ескерту жарияланды
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, қатты жел соғатынын ескертті
Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бурқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
25 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
25 наурызда Атырау облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
25 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.
25 наурызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
25 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
25 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
25 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.