Дмитрий Баландин Түркия турнирінде «күміс» алды
Түркияның жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр
Түркияның Ыстанбұл қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл, қазақстандық спортшылардың Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы жарысы. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, 100 м қашықтықта «баттерфлай» әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин топ жарды. Дмитрий Баландин 50 м дистанцияда күміске ие болды. Ал Әділ Қасқабай еркін стильде 100 м қашықтықта жүзу бойынша төртінші орыннан көрінді.
Әйелдер арасында брасс бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өттті. Анастасия Резванцев 200 м қашықтықта екінші орынға жайғасты. Айта кетерлігі, аталған жарыс 21 наурызға дейін жалғасады.