$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2021, 00:50
Жаңалықтар

Абай ұрпақтары туралы тың деректер табылды

Онда Абай ұрпақтарының есімдері, қайтыс болған күні және жерленген жері қашап жазылған

Абай ұрпақтары туралы тың деректер табылды
Фото: ашық дереккөзден

Абай ұрпақтары туралы тың мәлімет Шымкенттен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы тас тұғырда Хакім Абайдың шаһарда жерленген перзенті Тұрағұл Ибраһимұлы мен өзге де туыстарына қатысты деректер қашап жазылған. Ескерткіш тақта қаладағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт қоймасында 30 жылдан астам уақыт сақталып келіпті. Қазір көне жәдігерді фармацевтикалық кәсіпорын мамандары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне қарасты «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыстады. Енді бұл істі зерделеуді ғалым-тарихшылар қолға алды.

Талай ғасырдан сыр шертетін ескерткіш тақтаны Мәкен Тұрағылқызы әкесінің аты өшпесін деп һәм мәңгі тарих болсын деп арнайы жасатқан. Бір ерекшілігі, бұл тастұғырда тек Тұрағұлдың ғана емес, өзге де Абай ұрпақтарының есімдері, қайтыс болған күні және жерленген жері де қашап жазылыпты. Дәрі-дермек зауыты қоймасынан «Мұхтартану» ғылыми орталығына жеткізілген жәдігер енді университет ғалымдарының зерттеу алаңына айналмақ.

Кейбір деректерде Тұрағылдың Шымкент шаһарында өмір сүргендігі де баян етіледі. Ал тарихи ескерткіш тақтада оның 1934 жылы қайтыс болғаны жазылған. Бұл осы күнге дейін кейбір тарихшылардың айтып жүрген «Тұрағұлдың сүйегі зауыт астында қалып қойды» деген пікірді жоққа шығарады. Өйткені дәрі-дәрмек зауыты 1882 жылдары бой көтерген.

Серіктес жаңалықтары