$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2021, 14:43
Жаңалықтар

ШҚО перзентхасында жаңа туған нәрестелерге ұлттық киім кигізді

Мейрам күндері босанған барлық анаға осындай сыйлық тарту етіледі

ШҚО перзентхасында жаңа туған нәрестелерге ұлттық киім кигізді

Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы перзентханаларының бірінде жаңа туған нәрестелерге қазақтың ұлттық киімдерін сыйға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аягөз ауданаралық ауруханасында Наурыз мейрамына орай жаңа туған сәбилерге ұлттық нақышта тігілген киімдер тарту етілді. Ал аналарына Наурыз көже таратылды», - делінген ШҚО ақпарат орталығының хабарламасында.

16 наурыз күні дүние есігін ашқан 5 сәбиге перзентханадан шығатын күні ұлттық киім кигізілді. Нәрестелердің екеуінің анасы Үржар ауданының, үшеуінің анасы – Аягөз ауданының тұрғындары.

«Аягөз аудандық ауруханасында екінші сәбиімді өмірге әкелдім. Бүгін, ауруханадан шығатын кезде дәрігерлер қазақтың ұлттық киімдерін киіп келіп, сәбиіме қазақи нақыштағы киімді сыйлады», - дейді жас ана Саяжан Сәрсенғали.

Ата кетерлігі, балаларға арналған киім санитарлық талаптарға толықтай сай. Дәрігерлер мейрам күндері босанған барлық анаға осындай сыйлық тарту етпек.    

Серіктес жаңалықтары