$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2021, 04:30
Жаңалықтар

20 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні жел, тұман және көктайғақ болады

20 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Сенбі, 20 наурызда Қазақстанда жел күшейіп, жауын-шашын түседі, кей өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың барлық аумағына әсер етеді, онымен бірге жауын-шашын, кей жерлерінде қатты нөсер және қалың қар жауады, жел күшейіп, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей уақыттарда 30 м/с асып кетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с асып кетуі мүмкін.

Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Серіктес жаңалықтары