ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Тараз қаласының әкімі ауысты

Облыс әкімі жаңа әкімді қала активіне таныстырды

 

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды.

«Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рахмет айтамын. Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты. Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жыл Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды, келбетін жақсартуға көңіл бөлінеді», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Тегтер: