$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2021, 16:33
Жаңалықтар

Банктерде онлайн қызметті пайдаланушылардың саны бір жылда 46%-ға өскен

Өткен жылы 3 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасалған

Банктерде онлайн қызметті пайдаланушылардың саны бір жылда 46%-ға өскен
Фото: ашық дереккөзден

Банктердегі жеке тұлғалардың онлайн операцияларының үлесі 81%-ға дейін өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«2020 жылы қазақстандық банктердің карточка иегерлері 35,3 триллион теңгеге 3 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасады. Бұл көлемнің 81%-ы онлайн-операциялар – интернеттегі төлемдер мен мобильді банкингке тиесілі», -делінген хабарламада.

Банк өкілдері клиенттердің қолма-қол ақшасыз операцияларға жүгінуіне пандемияның әсер еткендігін айтады.  

«Қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялардың жалпы санындағы онлайн-транзакциялардың үлесі 2020 жылдың соңында 66%-ды құрады, ал 2020 жылдың басында ол тек 46% болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, мобильді және интернет-банкингті белсенді пайдаланушылар саны 82%-ға артып, 14 миллионды құрады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қаржылық салада онлайн қызметті пайдаланушылардың саны бір жыл ішінде 46%-ға өскен екен.

Серіктес жаңалықтары