ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Жамбыл облысында есірткі насихаттайтын 10 сайт бұғатталды

Сайттарға қатысы бар адамдар анықталып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл обылысында есірткіні насихаттайтын 10 сайт бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жамбыл облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері интернет желісін күнделікті мониторингілеу арқылы Telegram қосымшасында есірткіні насихаттайтын 10 сайтты анықтады. Қазіргі уақытта бұл сайттар бұғатталды. Осы сайттар мен жазуды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Жамбыл облысының тұрғындарына граффити-жазуды жазғаны және желіде есірткіні насихаттайтын мәлімет таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабының 1-бөлігі бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, 2 – бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделгенін еске саламыз»,- деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.