17.03.2021, 02:20
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында жол жабылды
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Маңғыстау облысының «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-м/п Ақтау» автожолы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 16 наурыз күні сағат 19:30-дан бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (күшті жел, шаңды дауыл, жодың көрінбеуі) «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-м/п Ақтау» автожолының 668-705 шақырымы, Бекі және Жетібай ауылдарының аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды