16.03.2021, 22:59
Жаңалықтар
Түркістан облысында құдыққа түсіп кеткен адам 2 күннен кейін табылды
Ол мал іздеуге шыққан
Фото: баспасөз қызметінен
Түркістан облысы Ащысай ауылында жоғалып кеткен тұрғын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 16 наурыз күні Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды», - деп жазылған хабарламада.
16 наурызда құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді