16.03.2021, 21:27
Жаңалықтар
Өскеменде мыңға жуық үйді су басуы мүмкін
Онда 2407 адам тұрады
Фото: ашық дереккөзден
Өскемен қаласында 954 үйді су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
Қалада қар жамылғысының биіктігі 33 см құрайды. Шаһар аумағынан 145 мың текше метр қар шығарылған. Су басу қаупі бар 954 үйде 2407 адам тұрады. Құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес әрекет етіп, аталған аумақтарға бақылау жүргізуде. Осы уақытқа дейін 30 шақырым канал, 24 шақырым арық тазаланды.
Қалада сыйымдылығы 835 адамды құрайтын уақытша орналастырудың 8 пункті құрылған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді