Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды

Ол 2019 жылы KeshYou тобының экс-солисі Ақбота Құрманғалиге үйленді

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды
фото: instagram.com/sadriddin_____soq/

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов пен оның жұбайы – танымал әнші Ақбота Құрманғали сәбилі болды. Бұл туралы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.

«Садриддин мен оның жұбайын сәбилі болуымен құттықтаймыз! Бұдан бөлек, Садриддин Eye of the Tiger Management-пен арадағы келісімшартты ұзартты. Біз осындай талантты спортшымен әріптестік орнатқанымызды мақтан тұтамыз!», - делінген хабарламада.

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп үлгерді. 10 ақпанда қазақ боксшысы Мексикада өткен кездесуде Стивен Даньоны (Нидерланд боксшысы) айқын басымдықпен жеңіп, үш белбеуін сәтті қорғады.

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде Садриддин Ахмедов KeshYou тобының экс-солисі Ақбота Құрманғалиге үйленді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.