$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2021, 12:31
Жаңалықтар

КВИ жұқтырған бір науқасты емдеуге 1 млн теңгедей қаржы жұмсалады

Бұл қаржыға дәрі-дәрмек, медқызметкерелердің еңбегі мен аппараттардың қызмет түрі кіреді

КВИ жұқтырған бір науқасты емдеуге 1 млн теңгедей қаржы жұмсалады

КВИ жұқтырған бір науқасты емдеуге 1 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. 

Министрлік короновируспен ауырған әр науқасты емдеуге екі түрлі тариф бекіткен. Басқарма басшысының сөзінше, тарифтің құрамына дәрі-дәрмектен бөлек, медқызметкрелердің еңбегі мен аппараттардың қызмет көрсету құны да кіреді. КВИ-дің жеңіл түрімен ауырған бір адамды сауықтыруға жарты миллион теңгедей қаржы жұмсалады. 

«Бұл сұрақты екіге бөлуге болады. Бұрын жаңа жылға дейін әр науқасты ауруханаға жатқан күндерімен есептейтін. Әр күннің өз бағасы болды. Қазір екі түрлі тариф қарастырылған. Короновирус жұқтырған ауыр жағдайдағы бір науқасты емдеуге 950 мың теңге бөлінеді. Орташа деңгейдегі науқасқа 450 мың теңге қарастырылған. Министрліктің бөліп отырған қаражаты жеткілікті. Оған дәрі-дәрмек, медқызметкерелердің еңбегі, аппараттардың қызмет түрі де кіреді. Қаржыдан кемшілік көріп отырған жоқ», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары