ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Жамбыл облысы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден асатын "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген департамет хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.