13.03.2021, 21:56
Жаңалықтар
Ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Олар Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген
Алматы әуежайның маңында ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен 2 адам Алматы қаласындағы №4 қаалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі 1987 жылы туған адам сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған әскери ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қаласы 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
